Уикикітап kkwikibooks https://kk.wikibooks.org/wiki/%D0%91%D0%B0%D1%81%D1%82%D1%8B_%D0%B1%D0%B5%D1%82 MediaWiki 1.44.0-wmf.3 first-letter Таспа Арнайы Талқылау Қатысушы Қатысушы талқылауы Уикикітап Уикикітап талқылауы Сурет Сурет талқылауы МедиаУики МедиаУики талқылауы Үлгі Үлгі талқылауы Анықтама Анықтама талқылауы Санат Санат талқылауы TimedText TimedText talk Module Module talk Санат:Candidates for speedy deletion 14 1778 9284 6775 2024-11-14T19:16:41Z TenWhile6 2668 9284 wikitext text/x-wiki This category is used by [[m:Global sysops/Requests]] until local administrators are available. __EXPECTUNUSEDCATEGORY__ 41jlw9upwdceg71x7l73un2e6e1oag1 Абай поэмалары/Әзім әңгімесі 0 2281 9283 9269 2024-11-14T12:43:08Z 95.82.86.99 9283 wikitext text/x-wiki ӘЗІМ ӘҢГІМЕСІ Бір сөзім Мың бір түннен оқып жүрген, Өлең қып сол сөзімді айтқым келген. Болыпты ағайынды екі жігіт, Бағдатта Абдулхамит пен Сапа деген. Екеуі жетім еді әкесі өлген, Талаптан жетеміз деп, бос жүрген. Тігінші, кестеші еді кіші інісі, Мұстапа суретшілік ғылым білген. Екеуі екі айрылмақ қамын жеген, Бір шетке кетпек болып жұрт көрмеген. Мал тапқаны бір іздеп таппақ болып, Серт қылып, бір-біріне уәде берген. Екеуін екі жаққа тағдыр бөлген Жандар емес қатерден әсте именген. Шынмашынға1 Сапасы кете тұрсын, Мұстапа Балсураға2 бұрын келген. Мұстапа - бойдақ, кедей біраз тұрған, Кәсібін күннен-күнге тәңрі оңғарған. Аздан соң қатын алып, үй салғызып, Шаһарда сенімдінің бірі болған. Пұл құрап, киім түзеп, қарны тойған, Қағазға өрнек жасап, сурет ойған. Құдайым кешіктірмей бір ұл беріп, Молдалар оның атын Әзім қойған. Бір жасап, екі жасап, Әзім өсті, Сонан соң медресеге барып түсті. Аз жылда жақсы ғылым нәсіп етіп, Жас жігіт жүзі нұрлы, көңлі масты. Оқудан шыға ұстады ата өнерін, Асырды атасынан әрбір жерін. Сол күнде ажал жетіп, Мұстапа өліп, Жыртық-жетім болмады ол жас өрім. Атаның харекетін ұстай алды, Өнері артық шығып, жан таң қалды. Алушылар көбейіп мұның ісін, Бұрынғыдан артылып мал құралды. Бір күні ләпкесінде отыр еді, Торғын тон, алтын кемер бір шал келді. Не қылса бір құрметті адам ғой деп, Әзім тұрып, иіліп сәлем берді. Сәлемін алды, шал да амандасты, Қасына жуық келіп жақындасты. - Жат жердің адамы едім, е, шырағым, Не харекет қыласың? - деп сұрасты. - Жасымнан жетім едім көңлі сынық, Өнерім артық емес ондай ұлық. Еңбекпенен көз сүзбей күн көремін, Харекетім - суретші, бояушылық. - Мінезің, түсің жақсы надан дерге, Артық өнер қиын ба талапты ерге? Тесілген күні бойы сендей жасты Аяймын, өнімі жоқ бұл өнерге! Бұл сөзге Әзім тұрып ашуланды, - Тұрпайы сөйлейсіз, - деп қарай қалды. Атамның харекетін қорлама, бай, Аш емен, болмасам да сендей малды. - Қорламаймын һәм, балам, зорламаймын, Тесілген күні бойы сені аяймын. Химия ғылымын білуші ем, үйретер ем, Мысты алтын жасаушы ем, алдамаймын. Шын өнерге қайтер ең көзің жетсе? Әркімге жарамайды мұны үйретсе. Өзі үлкен, өзі оңай, артық өнер, Аз жұмыспен көп алтын хасил2 етсе. Мен дағы жүргенім жоқ малдан күсіп, Айттым, балам, басыңа мейірім түсіп. Ертең ерте мысыңмен дайын болып, Көңліңнің дәркүмәнін алшы шешіп. Әуелі хақтығына жетсін көзің, Серт қылдым ғой үйретпек болып өзім. Ертең ерте сол жерден табыспаққа, Екеуі уәде байлап, қойды сөзін. Шал кетті, аң-таң бала үйге қайтты, Көргенін апасына келіп айтты. Химия ғылымы бар дейтін, сүйтсе дағы Анасы басын шайқап, ішін тартты. - Апар да мыс бақырды алдына сал, Алтын болса, болады бір талай мал. Жалғызым, не қылсаң да сақ болып жүр, Жәдігөй боп жүрмесін антұрған шал. Бала айтты: - Тәңрім қақса, бенде не етер, Жалған болса, білінер, қор боп кетер. Шын болып, уәдеге бармай қалсақ, Ғапылдықтан айрылған ызасы өтер. Не қылса, сол күн бала шала ұйықтайды, Өтірік, расын ойланып таба алмайды. Мыс бақырын қолына алды дағы, Лапкеге күндегіден ерте барды. Шал дағы дереу дайын бола қалды, Бір дорбадан көмір мен көрік алды. Екеуі сәлемдесіп болғаннан соң: - Мысың қайда, балам? - деп дігір салды. Мыс бақырды сындырды талқан қылып, Көмірге салды мысты, дүкен кұрып. Мыс былқылдап еріген кезінде шал Шөншіктен ұсақ қара алды қырып. Алды да ол дәрісін, мысқа салды, Былқылдаған бұрқылдап мыс шайқалды. Бір нәрсемен азырақ бұлғалақтап, Алтын қып суынған соң қолына алды. Алтынын алып берді қолындағы: - Сарапқа сал бар даға шәрыңдағы Алтын емес деп біреу айтса, балам, Алдамшы, амалым жоқ, болдым дағы. Алтынды ал да, көрсет жұртқа апарып, Менің сөзім шын болса тәңрі оңғарып, Сонау бақша ішінен табылармын, Егер мені іздесең көңліңе алып. Әзім ұшты алтынды ала салып, Не байларға көрсетті мұны апарып. - Самородный сары алтын екен ғой, - деп, Кім көрсе, айтады аң-таң қалып. Үш мың үш ділдаға кетті сатып, Шешесіне ап келді таңырқатып. Шешесі: - Сол кісіні шақыр! - деді, - Кетсін, - деп, - үйімізден дәм-тұз татып. Бағанағы бақшаға Әзім келді, Жолықты шал да, сонда отыр еді. - Ей, ата, қылған ісің рас екен, Қонақ боп, біздің үйден дәм тат, - деді. Қос уыс ділда берді Әзімге шал: - Сенің ортақ малың, - деп, - мендегі мал. Шешілісіп, сырласып отыралық, Әр түрлі қымбат баға ішкілік ал. Сырлассақ, сұхбаттассақ, аулақ артық, Нашалы4 боламыз ғой сөйлеп шалқып. Анаңды да бір жерге жібер, балам, Сырымды үйрете алман бойым тартып. Күн батпай біттей алаң болма бізге, Қас қарая келермін мен де сізге. Ішіп, жеу арасында сөйлер сөз көп, Ол үйде жан болмасын сенен өзге! Әзім кезді базарды аз тентіреп, Әр түрлі ішкілікті алды күреп. Алтынды көргеннен соң, анасы да Кетті көрші үйіне, сеніңкіреп. Арақ, жеміс - әр түрлі нығмет5 дайын, Қуанды алтын қолға кірген сайын. Үйіне бөтен жалғыз жанды қоймай, Оңаша безендіріп тұрды жайын. Көз байлана сып етіп шал да келді, Әзім де есік ашты, дайын еді. Әзімді баласына балағандай, Жайнаңдап жарқын жүзбен үйге кірді. Шал кіріп үйді тегіс аралады, Бір Әзімнен басқа жан таба алмады. Біротала бейілді беріп алған, Әзім де бұл қылықты шам алмады. Хош уақытсып сөйлейді шал барқылдап, Қол қусырып Әзім тұр, сөзін тыңдап. Асын жеп, қолын жуып болғаннан соң, Әпкел деп ішкілікті қойды ымдап. Бар іс қой әуелден-ақ ел салтында, Орыс, неміс болса да, қай халқың да. Пайда деп тән саулыққа ішетұғын, Миуадан тартқан хамір6 ас артында. Подносқа бөтелкемен арақ толды, Бір-екі жақсы рюмке дайын болды. Жоқтан барды сөйлесіп, сауқым салып, Алысты пияланы оңды-солды. Жайма-шуақ сұм шалдың іші мықты, Алғашқы ішкен Әзімге тез-ақ шықты. Бір аяқ қолдан қолға дегенсініп, Жәдігөй стаканға дәру тықты. Онысы түн ортасы болған заман, Сұм екен талай жанды әуре қылған. Дәрі қосқан аяқты ішкеннен соң, Әзім барып жығылды шалқасынан. Сонда шал терезеден бір ысқырды, Төрт жігіт табыт алған үйге кірді. Әзімді сол табытқа салды дағы, Төртеуі көтеріп ап тысқа жүрді. Әзімді мас қып алып, шал кенелді, Есікті жабамын деп аз бөгелді. Артын жым-жырт қылды да, антұрған шал Төртеуін ертіп алып, тез жөнелді. Теңіздің жағасында қалың қамыс, Ішінде бір кеме бар шалға таныс. Әзімді сол кемеге салды дағы, Тұмсығын бұрып алды шетке шалыс. Қасында жиырма-отыз жолдасы бар, Қаладан таң атқанша кетіп алыс. Ел тұрды, ертең кемпір үйге кірді, Бала жазым болғанын іші білді. Зар ұрды, ойбай салды, не бітірсін, Тұра тұр, өзге жайын сұрама енді. Әзім есін жиыпты ертең түсте, Өз басын көрді қауіп-қатер істе. Қол-аяғы байлаулы жатыр жалғыз, Темір шетік қапас боп тұрды үсте. Ырғалып орнынан ол әрең тұрды. Түрегеліп антұрған шалды көрді. - Ақсақал адам мұндай қыла ма екен, Анамнан мені айырып бұл нең? - деді. - Көзіңді аш, есіңді жи, енді ойнама, Мені сен өз діндесің деп ойлама! Мен отқа шоқынамын, дініме көн, Менде бардың бәрінен қауіп ойлама! Егерде көнбей қалсаң, наданшылық, Әр күні сізге дайын бір жүз шыбық. Мың жаның болса дағы құтылмайсың, Табылмас енді менен майда қылық. Бала айтты: - Дінім үшін жаным құрбан, Жаннан қорқып, отыңа мен бас ұрман. Дінім хақ, ісім ақпын, өлсем шәйіт,7 Қорқады деп үмітті үз сен антұрған. Баланың бар киімін шешіп алды, Жүз қамшы арқасына дүре салды. Қыңқ етіп бір дыбысты шығармады, Азырақ талмаусырап, нашарланды. Мұнысын жаратпады қадір сұбхан, Көк бұзылып, жер жүзі болды топан. Байлаулы бала жайға қала берді, Кемемен әуре болды көп антұрған. Түн бойы ұйықтамады бір де мызғып, Су сарылдап құйылды кемені ырғап. Отыз құлы таусылды табанынан, Су төгіп таң атқанша ол сарпылдап. Отыз құл ақылдасты басты қосып, Өлеміз деп ойлады жаннан шошып. Бір шеттен бір жағаға келе жатқан Кәрі иттің ұстай алды алдын тосып. Ақсақал, іс қыласыз ойланбастан, Жаннан қорқып қашпаушы ек қара тастан. Құдай сүймей, бұл істі бізге салды, Қолын шеш, ризалық ал мына жастан. Қолын шеш, ризалық ал, кісенді бұз, Шапсаң айт, көнесің бе, уақыт тығыз. Бұл сөзге көнбей қалсаң, ақыр өлдік, Сені суға тастаймыз отызымыз! Сонда шал мына сөзге аң-таң қалды, Не қыларын біле алмай, аз ойланды. Пішінін отызының байқаған соң, Баланың қол-аяғын шешіп алды. Мойнынан шырағым деп құшақтады, Көзінің ағып жасы, бұршақтайды. - Шырағым, мастықпенен қылыппын, - деп, Әуелгі сөзден танып және алдайды. Әзім жас, ақ бейілдеу адам еді, Ойлады: өтірік болса, неге именді? Мастықпен қылса, қылған шығар-ау деп, Іс көрмеген жастықпен және сенді. - Мастықпен қылған болсаң, кештім саған, Кәрі ит те: - шырағым - деп арсаңдаған. Жел тынып, күн айығып баяғыдай, Хикметімен тоқтатты бір жасаған. Баланы сыйлап жатыр тамақ қамдап, Су төккісіз жорға боп шал жылмаңдап. Отыз құл мынау тек жан емес қой деп, Әлінше қызметінде жүр тырбаңдап. Бір мезгілде шал айтты: - Балам, тоқта, Мысты алтын қылатын дәрі осы жақта. Алыс емес, аз күндік жақын жерде, Болмай ма молықтырып ап қайтсақ та? Бала айтты: - Өзің біл! - деп бұл сөзіне , Шал қуанды тиген соң ерік өзіне. Төбесінен тік тұрып қылды қызмет , Титтей шәргез келмейді мінезіне. Сып етіп бір жағаға келді жетіп, Шал жөнелді, баланы қасына ертіп. Бір барабан тұр екен, қағып еді, Қамады желмаялар дүбірлетіп. Үш желмая ұстады жорығына, Бірінің азық артты қомдығына . Екеуіне ер ерттеп мініп алып, Барабанды қалдырды орынына. Желмаялар келеді желдей есіп, Сұм шалдың бір тарапты көзі тесіп. Шал айтады балаға: - Көрдің бе? - деп - Бұлт тұр бұлдыраған елеңдесіп? Ол өзі - бұлт емес, Қаптың тауы, Бір бөлек үлкен таудың бергі бауры. Бергі таудың басында сол дәрі бар, Қырандай ап қайтармыз жібек баулы. Түні бойы жүріпті, болды сәске , Көрінді жарқыраған үйдей нәсте. - Бұл не? - деп сұрап еді, тұра қашты, Биттей аял қылмады кәпір әсте. - Бұл не? - деп тағы да айтты Әзім сорлы, Қашқаның не қылғаның мұнша ғұрлы? - Шырағым, мұның өзі қатерлі жер, Бұл бір қаскөй жәдігөй дәудің орны. Соны айтты да, шал сабап жүре берді, Бір өзен жатыр екен, соны өрледі . Өзенді өрлегеннен бір айрылмай, Дәл бесінде ұшыртып тауға келді. Келді де бір жартасқа түсе қалды, Азық артқан маяны жарып салды. Ішін жарып, іштегі ішек-қарнын, Өкпе-баурын тазалап, бәрін алды. Сонда шал Әзімге арқан, қанжар берді, - Маяның ішіне еніп, сен жат! - деді, - Ішін тігіп, мен кетіп, жасырынам, Тау басында самұрық бізді көрді. Бұл жерге мен кеткен соң самұрық келер, Маяны іліп алып, биікке өрлер. Бір жерге қонғаннан соң жар-дағы шық, Именіп адамзаттан ұшып кетер. Тау басында бар қара ұсақ топырақ, Қапқа толтыр кешікпей жылдамырақ. Қап толған соң арқанға байлап жібер, Саспай шешіп алғанша тоқта бірақ. Сонан соң арқаныңды тасқа байла, Түсетұғын ыңғайлы жерді сайла. Арқаннан ұста дағы түс сырғанап, Жарамайды, қылмасаң сүйтіп айла. Қап алды, қанжар алды сонда Әзім, Сөзінің ұқты бәрін қылмай жазым. - Шырағым, айтқанымды жаңылма, - деп, Барынша қылып жатыр шал да тағзым. Әзім де бөгелмеді бойын тежеп, Талабы, тәуекелі сондай-ақ көп. Тәңірінің бір жазғаны екі болмас, Маяның ішіне енді тәуекел деп. Маяның кетіп қалды ішін тігіп, Шалекең жасырынды талға кіріп. Аспаннан самұрық келіп, іліп алып, Қайқайып қайта шықты бір-ақ ырғып. Маяны самұрық қонды тасқа апарып, Ер Әзім шыға келді ішін жарып. Адамзатты көрген соң бұдан шошып, Отырды самұрық құс аулақ барып. Жалтаңдап Әзім шықты тау басына, Тапты топырақ, толтырды дорбасына. Қап толған соң, арқанға мықтап байлап, Тау басынан жіберді атасына. Жіберді әлгі қапты жерге атып, Антұрған шал дәулетке қалды батып. Қап жерге түскеннен соң, дінсіз кәпір Арқанды алып кетті жұла тартып. Айрылып арқанынан Әзім қалды, - Арқанды неге алдың! - деп, айғай салды. - Талайды осы тауға тастағанмын, Соның бірі болдың - деп, кете барды. Сұм шалдың дінсіздігін сонда білді, Қарамай, бір қайрылмай, жүре берді. Кәпірдің қайрылмасын білгеннен соң, Жүгіріп жалтыр тастан жол іздеді. Көрді, білді ол таста жолдың жоғын, Сонан соң қамдап бақты қарны тоғын. Азырақ жеміс тауып жеді дағы, Көрмекке жата кетті хақ бұйрығын. Күн де батты, бір жерге Әзім жатты, Күн батқан соң жан-жағы салдыр. Қараса қаптап жүрген бәрі айдаһар, Сонда да біраз жатып ұйықтап қапты. Ұйықтап кетіп, шошынып тез оянды, Жұтқалы көрді келген айдаһарды. Не де болса тәуекел қылды дағы, Қанжармен қақ басынан шауып қалды. Өзі де бір тарапқа ыршып кетті, Бір биік ағаш көрген, соған жетті. Биік жерде болайын деді дағы, Сол түні ағаш басын мекен етті. Әр-бері жатты-дағы, ұйықтап қалды, Шаршаған ғой, күн шыға зорға оянды. Қараса басқа айдаһар жоғалыпты, Өзі шапқан таныды айдаһарды. Ойлады тірі болса кетпес пе еді? Өлген ғой мына айдаһар деп ойлады. Ағаштан түсе қалып айдаһарға, Қолына қанжар алып жетіп барды. Көрді, білді айдаһар тірі емесін, Тәңірі ұзын жаратқан сом денесін. Қанжармен таспадай қып тіліп алып, Аз ұқалап кептірді жон терісін. Жалғап-жалғап, бір ұзын арқан етті, Ер Әзім осылайша талап етті. Бір ұшын тасқа байлап жібергенде, Түсетұғын орнына әбден жетті. Ер Әзім тәуекел қып жаннан күсіп, Арқаннан ұстады да, кетті түсіп. Қарақат жеп, мойыл жеп, судан ішіп, Өзенді құлдады да жүгірді ұшып. Үш қонып, төртінші күн белден асты, Ол күні алтынды үйге душарласты. Тау басынан түсірген тәуекелмен Сол үйге кірмек болып қадам басты. Қақпадан кірді ішкері қадам басып, Бір үйінен өрледі бір үйге асып. Тілдесерге еш адам жолықпады, Төрдегі үйге кірді есік ашып. Екі сұлу қыз отыр төрдегі үйде, Ондай сұлу көрген жоқ бүтін елде. Екі қыз шатраш ойнап, білмей қалды, Кірді де тұра қалды орта жерде. Екі қыз мұны көрді бас көтеріп, Адамзатқа таңырқап, тұрды елеріп. - Ей, жігіт, түсің жақсы жан екенсің Жүр едің жәдігөйге не қып еріп? Сөйледі Әзім дағы аянбай-ақ: - Мен ғаріп бишарамын жүрген саяқ. Әуелде өзі көрген бар қысаны Сөйледі бірін қоймай бастан аяқ. Екі қыз естіп білді Әзім жайын, Есіркеп, мүсіркейді айтқан сайын: - Сен бізге бауыр болып, тұр осында, Не керектің қылалық бәрін дайын. Құп болсын, олай болса, апаларым! Дүниенің тартып жүрмін жапаларын. Сағынсам, өз еліме жеткізе ме, Айтсаңыз, мархаматты аталарың? - Көңілді бос суытпа біздей қыздан, Сізге уәде біздерге тәңірі айтқызған. Шыдағанша шыдап бақ қасымызда, Қайтпағың келер біздің қолымыздан. Сені біз жар етпейміз, бауыр еттік, Достықпен жүрек еріп тәуір еттік: Түбінде сен тұра алмас болсаң мұнда, Еліңе жеткізуге біз де жеттік. Құп болады десті де, серт байласты, Қатты-қатты айтысып уағдаласты. Көңілінде қара жоқ, ақ ниетпен Тым жақын дос болуға ыңғайласты. Күн жаңғырып, бойына қуат енген. Алтынды үйдің ішінде еркеленген. - Жан-жағын қалай сайран қылсаң еркің, Жалғыз-ақ бір есікке кірме, - деген. Екі қыз кетіп бір күн, қалды Әзім, Салған жоқ қыздар оның көңліне ажым. Тал түсте бағанағы кірме деген Есікке кіріп кетті - бар ма лажың? Кірсе, ар жағы дөңгелек қалың ағаш, Ішінде бір қауыз бар ернеуі тас. Бұлбұл сайрап, миуасы салбырап тұр, Салтанатын түгендей айтып болмас. Тас ернеуі - меруерт, ол көрінген, Кеткісі келмес жанның мұны көрген. Ер Әзім тамашалап қарап тұрса, Бір түрлі таңғажайып құстар келген.Ешак мал топас Абай Абай поэмалары kle8as50kc51lk1tjjd4xpmqr4i2kc0 Бауыржан өлеңдері 0 2894 9294 7083 2024-11-14T22:02:13Z SHB2000 2657 [[Special:Contributions/Альбертон|Альбертон]] ([[User talk:Альбертон|т]]) өңдемелерінен [[User:Бауыржан Жақсылық|Бауыржан Жақсылық]] соңғы нұсқасына қайтарды 5755 wikitext text/x-wiki Б.Жеңісұлының авторлық өлеңдері *[[Іңкәр сезім]] *[[Өмір жайлы толғаныс]] *[[Толғанай]] *[[Үміт]] *[[Толғанайға арнау (Өлең)]] *[[Толғанай ару (Өлең)]] [[Санат:Бауыржан өлеңдері]] 4bvippa3jj9nlyy6zbviiixnn6aqlrn Толғанай (өлең, Бауыржан Жеңісұлы) 0 2895 9287 7082 2024-11-14T22:01:49Z SHB2000 2657 [[Special:Contributions/Альбертон|Альбертон]] ([[User talk:Альбертон|т]]) өңдемелерінен [[User:Samuele2002|Samuele2002]] соңғы нұсқасына қайтарды 5772 wikitext text/x-wiki {{Poem-on|Толғанай}} <poem> Қарадым сұлу көркіңе, Тамсанып қарап үңіле. Көруге асық жүзіңе, Себебі ғашық өзіңе. Әдемі неткен күлгенің, Тартымды мөлдір көздерің. Жарасар сұлу әлемің, Ерекше дара кемелің. Ойламай сені болмайды, Өзіңсіз көңіл толмайды. Сен ғана маған керегі, Түсінші менің жанымды. Жасырмай айтып сезімді, Арнап жаздым сөзімді. Білдіріп ғашық көңілімді, Ашып айтым бір саған. </poem>{{poem-off}} [[Санат:өлеңдер]] [[Санат:Бауыржан өлеңдері]] lewxr05wrusxlkr7kaqqksuuhhjfgt3 Толғанай ару (Өлең) 0 2900 9293 7084 2024-11-14T22:02:10Z SHB2000 2657 [[Special:Contributions/Альбертон|Альбертон]] ([[User talk:Альбертон|т]]) өңдемелерінен [[User:Бауыржан Жақсылық|Бауыржан Жақсылық]] соңғы нұсқасына қайтарды 5754 wikitext text/x-wiki {{Poem-on|Толғанай ару}} <poem> Неге екен білмедім, Құлай сені сүйдім. Саған ұнтық болдым, Шын жақсы көрдім. Сені ғана ойлай бердім, Неге екен білмедім. Көруге сені асықтым, Саған бауыр бастым. Уақыт өте келе, Жасырмай саған бәрін айтым. Өлеңмен жеткізіп айтым, Сол бір құпия сезімді. </poem>{{poem-off}} [[Санат:Бауыржан өлеңдері]] b7fujm306xi516sqnv7y350ee493km3 Тура жолға (Махмұд әл-Қадр) 0 2934 9289 7089 2024-11-14T22:01:56Z SHB2000 2657 [[Special:Contributions/Альбертон|Альбертон]] ([[User talk:Альбертон|т]]) өңдемелерінен [[User:Hafizman|Hafizman]] соңғы нұсқасына қайтарды 5843 wikitext text/x-wiki {{Poem-on|Тура жолға}} <poem> Сұраймын жаратушы құдайдан, Тайдыра көрмеші деп тура жолдан. Сақтай гөрші, сақтай берші адасудан, Лағынет болған шайтанан. Тура жолға, тура жолға, сала гөрші, Өзіңнен алыстата көрмеші. Қатем болга егер кешірші, Маған рахым ете гөрші. Үміт үзбедім өзіңнен, Алжаспадым саған сенуден. Құдайым берші иман, Тілерім сол өзіңнен. </poem>{{poem-off}} [[Санат:Махмұд әл-Қадр]] 1q85y3ckinzh33vploe5nhngd6hjeiq Бақытқа жетелер жол 0 2942 9291 7086 2024-11-14T22:02:01Z SHB2000 2657 [[Special:Contributions/Альбертон|Альбертон]] ([[User talk:Альбертон|т]]) өңдемелерінен [[User:Hafizman|Hafizman]] соңғы нұсқасына қайтарды 5866 wikitext text/x-wiki Егер біз құдайға құлшылық жасауды, оған жақындауды ойласақ, онда иманға келіп, жамандықтан қашып, жақсылық жасауға асықанымыз жөн. Жалпы, бақытқа жету үшін біз құдайға риясыз құлшылық жасауымыз ләзім. Сонымен қатар құдайдан қорқып, харам нәрселерді жасаудан қашық болғанымыз жөн. Демек, бес уақыт намаз бақытқа бастар жол, егер бес уақыт намаз оқитын болсақ, онда екі дүниеде де бақытқа қол жеткізе аламыз. Ал, бес уақыт намазды оқымайтын болсақ адасумыз мүмкін. Сондай-ақ бақытқа, мұратқа, білім арқылы жетеміз. Жалпы, бақытты болу өзімізге байланысты. Сондықтан да өзіміз дұрыс жолды таңдағанымыз, тура жолға түсуміз бақытқа жеткізеді. Егер шын бақыт іздеп тапқымыз келсе, ақиқат жолымен жүргенміз дұрыс. Сонымен, бақытқа жету үшін білімге талпынып, білімді болып, дінді терең түсініп, ал сол үшін боймызға ізгілік нәрін жинап, тура жолда жүріп һәм адасудан сақтанып жүруміз керек. Егер де бақытты өмір сүргіміз келсе, онда, бұл құран кәрімді оқып амалға асыру арқылы бақытқа жетеміз. Егер осы жаман жолдан сақтамбасақ, онда, адасып бақытқа жете алмаймыз. Сондықтанғда жамандықтан сақтанып, тура жолда жүргеніміз дұрыс. Егер біз құдайдың айтқандарын орындасақ, онда, бұл шын бақытқа апарады. Сондай-ақ бақытқа жету үшін барымызды салып, адалдықтан таймасақ, ақиқатты ақиқат деп білсек. тек шындықпен өмір сүру бақытқа бастар жол. Әрекетіміз дұрыс болу үшін біздің баратын жолымыз түзеу болу керек, ал өміріміз ойдағыдай болсын десек парасат не екенін анықтап алуымыз тиіс. Парасатқа келер болсақ, ақыл-парасаттың тұсында ғана адам бақыта жетеді. Тамаша қабілеттің арқасында бақыт да, баянды да өмір сүре алады.<ref>Уикикітап порталы</ref><ref>Махмұд әл-Қадрдың шығармалары</ref> [[Санат:Махмұд әл-Қадр]] m141rbb81r9u4mz42fxhr40ro1p3943 Махмұд әл-Қадр, Бөкей 0 2948 9290 7087 2024-11-14T22:01:59Z SHB2000 2657 [[Special:Contributions/Альбертон|Альбертон]] ([[User talk:Альбертон|т]]) өңдемелерінен [[User:Hafizman|Hafizman]] соңғы нұсқасына қайтарды 5883 wikitext text/x-wiki {{Poem-on|Бөкей}} <poem> Баһадүр Бөкей болыпты, Елін жаудан қорғапты. Барын нарын салыпты, Отан үшін от кешіп. Алған бетінен қайтпайтын, жаужүрек батыр болыпты. Өзі сұлу ақылды болыпты, Көсем шешен болыпты. Елінің қамын ойлапты, Қайтпас қайсар болыпты. Мерейі үстем болыпты, Адам қызмет етіпті. Батырға лайық болыпты, Басына бақ қоныпты. Құдай оған жар болып, Талай дұшпанды ойсыраттып жеңіпті. Мақсаттына жетіпті. Талай тайғақ жол кешеде, Сабырмен бәрін жеңіпті. Арыстандай айбынды, Ұлы ханның бірі болыпты. Ол бар жаннын салыпты, Ел үшін ерінбей еңбек етіпті. Өжет батыл болыпты, Қаһарман батыр атаныпты. Өзі ойлы-қырлы, Сұңқардай сұлтан болыпты. Мәшһүр хан болыпты, Ерекше мықты болыпты. Парасатты ақылды жүзі жарқын, Құрметті тайсалмас хан болыпты. Ақылмен іс шешіпт, Жомарт қолы ашық болыпты. Халық мақтар ер болыпты, Еліне сай болыпты. Бөкей деген атын мәшһүр етіп, Елі деп соғып жүрегі. Ел үшін ерлік жасапты, Елін жаудан қорғапты. Беделі биік болып, Еңсесі үстем болыпты. </poem>{{poem-off}} [[Санат:Махмұд әл-Қадр]] 5n9mpbj4dws2svfr6w60ecq7pd8y3ra Диуани насиха: Өсиет 8 0 2959 9292 7085 2024-11-14T22:02:05Z SHB2000 2657 [[Special:Contributions/Альбертон|Альбертон]] ([[User talk:Альбертон|т]]) өңдемелерінен [[User:Hafizman|Hafizman]] соңғы нұсқасына қайтарды 5906 wikitext text/x-wiki '''Өсиет 8''' ''Мықты болсаң өз нәпсіңді жеңіп көр, өз ашуыңды басып көр осы айтқандарымды ақылға салып ойланып көр. Нағыз жиһад дегеніміз - өз нәпсіңді жеңе білуің, ашуға емес ақылға келуің, күмән жаман ойлардан аулақ болу арқылы, ашу деген дұшпанан аулақ болып оған жоламау, міне сабырлықтың белгісі, міне ақылдылықтың белгісі.'' [[Санат:Махмұд әл-Қадр]] cz8hg766xr19ylp7ow8vyau5c61s7zs Сабыр сақта (өлең) 0 2963 9288 7090 2024-11-14T22:01:53Z SHB2000 2657 [[Special:Contributions/Альбертон|Альбертон]] ([[User talk:Альбертон|т]]) өңдемелерінен [[User:Hafizman|Hafizman]] соңғы нұсқасына қайтарды 5911 wikitext text/x-wiki Сабыр сақта - өлең. Авторы [[Махмұд әл-Қадр]]. {{Poem-on|Сабыр сақта}} <poem> Түңіле бермей өмірге, Өкпелей берме өзгеге. Не болса соған кектене, Артық кетпе өзгелерге. Баса біл ашуыңды, Жеңе біл өз нәпсіңді. Көтер қане басыңды, Төге бермей жасыңды. Сабыр сақта, Сабыр керек бірақта. Сабырсыздық танытпа, Сабырлы бол әр уақытта. Күмән алмай ойыңа, Жақсылық қос ойыңа. Жинап ізгілік бойыңа, Үміт үзбе мойыма. Өтірік, қулық, сұмдықтан, Әрі жүргейсін нақақ жаладан. Аулақ жүрші ғайбат айтудан, Абай болып тіліңе. Талпын биік мұратқа, Сабыр сақтап сынақтарға. Ұмтыла бер бақытқа, Шегінбе еш асықпа. </poem>{{poem-off}} [[Санат:Махмұд әл-Қадр]] 1ztzdym4k37hao3rksar9zb1yck9xdj Портал:Шайтан 0 3277 9295 8403 2024-11-14T22:07:43Z SHB2000 2657 [[Special:Contributions/Хайкал|Хайкал]] ([[User talk:Хайкал|т]]) өңдемелерінен [[User:Hafizman|Hafizman]] соңғы нұсқасына қайтарды 7297 wikitext text/x-wiki __NOTOC__ __NOEDITSECTION__ <!-- Сыртқы бөлімдер --> <div style="width:100%;" cellpadding="1" cellspacing="1"> {{Сыртқы бөлімдер |Onglet-1='''Портал''' |URL-1=Портал:Шайтан |fond onglet-1=#A2BB6F |Onglet-2='''Санаттар''' |URL-2=Портал:Шайтан/Санаттар |fond onglet-2=#A2BB6F |Onglet-3='''Жоба''' |URL-3=Жоба:Шайтан |fond onglet-3=#A2BB6F |Onglet-4='''Талқылау''' |URL-4=Жоба талқылауы:Шайтан |fond onglet-4=#A2BB6F |bordure=2px solid #A2BB6F |fond cadre=#FFFFFF |arrondi=5em |alignement onglet=center }} <!-- Атауы және таңбасы --> {|width="100%" |<div align="center"> {{Үлкейту|{{Color|#0E5300|'''Шайтан порталы'''}}|facteur=2}}<br> {{Үлкейту|{{Color|#0E5300|شيطان}}|facteur=1.4}}<br> <font style="color:#0E5300; width:100%" >Шайтан туралы {{Мақала саны}} бар.</div> <div style="width:100%";> <!-- Кіріспе --> {{3D бөлім |tailletour=2px |fondext=#FFFFFF |tourext=#AAAAAA |fondint=#88AA44 |tourint=#0E5300 |fondtexte=#FFFFFF |titre=Кіріспе |logo=Nuvola apps khexedit.png |contenu={{PAGENAME}}/Кіріспе }}</div> <!-------------------------- Сол жақ бөлігі --------------------------> <div style="width:49%;float:left;"> <!-- Таңдаулы мақала --> {{3D бөлім |tailletour=2px |fondext=#FFFFFF |tourext=#AAAAAA |fondint=#88AA44 |tourint=#0E5300 |fondtexte=#FFFFFF |titre=Таңдаулы мақала |logo=Nuvola apps ktip.png |contenu={{PAGENAME}}/Таңдаулы мақала }} <!-- Жаңалықтар --> {{3D бөлім |tailletour=2px |fondext=#FFFFFF |tourext=#AAAAAA |fondint=#88AA44 |tourint=#0E5300 |fondtexte=#FFFFFF |titre=Жаңалықтар |logo=Gnome-globe.svg |contenu={{PAGENAME}}/Жаңалықтар }} <!-- Мақала сапасы --> {{3D бөлім |tailletour=2px |fondext=#FFFFFF |tourext=#AAAAAA |fondint=#88AA44 |tourint=#0E5300 |fondtexte=#FFFFFF |titre=Мақала сапасы |logo=Fairytale bookmark gold.png |contenu={{PAGENAME}}/Мақала сапасы }} </div> <!-------------------------- Оң жақ бөлігі --------------------------> <div style="width:50%;float:right;"> <!-- Үздік сурет --> {{3D бөлім |tailletour=2px |fondext=#FFFFFF |tourext=#AAAAAA |fondint=#88AA44 |tourint=#0E5300 |fondtexte=#FFFFFF |titre=Үздік сурет |logo=HSBild.svg |contenu={{PAGENAME}}/Үздік сурет }} <!-- Таңдалған тұлға --> {{3D бөлім |tailletour=2px |fondext=#FFFFFF |tourext=#AAAAAA |fondint=#88AA44 |tourint=#0E5300 |fondtexte=#FFFFFF |titre=Таңдалған тұлға |logo=Yellow star, blue check, green plus.svg |contenu={{PAGENAME}}/Таңдалған тұлға }} <!-- Таңдалған хадис --> {{3D бөлім |tailletour=2px |fondext=#FFFFFF |tourext=#AAAAAA |fondint=#88AA44 |tourint=#0E5300 |fondtexte=#FFFFFF |titre=Таңдалған хадис |logo= |contenu={{PAGENAME}}/Хадис }} <!-- Таңдалған аят --> {{3D бөлім |tailletour=2px |fondext=#FFFFFF |tourext=#AAAAAA |fondint=#88AA44 |tourint=#0E5300 |fondtexte=#FFFFFF |titre=Таңдалған аят |logo= |contenu=Портал:{{PAGENAME}}/Аят }} </div> <!-------------------------- Ортаңғы бөлігі --------------------------> <div style="clear:both; width:100%"> <!-- Мақалалар --> {{3D бөлім |tailletour=2px |fondext=#FFFFFF |tourext=#AAAAAA |fondint=#88AA44 |tourint=#0E5300 |fondtexte=#FFFFFF |titre=Мақалалар |logo=Plume pen w.png |contenu={{PAGENAME}}/Мақалалар }} </div> <!-- Уикимедиа --> <div style="clear:both; width:100%"> {{3D бөлім |tailletour=2px |fondext=#FFFFFF |tourext=#AAAAAA |fondint=#88AA44 |tourint=#0E5300 |fondtexte=#FFFFFF |titre=Уикимедиа жобалары |logo= |contenu=Портал:{{PAGENAME}}/Уикимедиа жобалары }} </div> <!-- Туыстас порталдар --> <div style="width:100%"> {{3D бөлім |tailletour=2px |fondext=#FFFFFF |tourext=#AAAAAA |fondint=#88AA44 |tourint=#0E5300 |fondtexte= |titre=Туыстас порталдар |logo= |contenu=Портал:{{PAGENAME}}/Туыстас порталдар }} </div> {{Clear}} [[Санат:Порталдар|Шайтан]] [[Санат:Портал:Дін|Шайтан]] [[Санат:Ислам|*Портал:Шайтан]] hnka5fn5twasup2zyomaw3txfwgajq7